Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Huawei өсу көрсеткіші рейтингіде көш бастап келеді

Huawei өсу көрсеткіші рейтингіде көш бастап келеді

Huawei өсу көрсеткіші рейтингіде көш бастап келеді

Huawei компаниясы 2019 жылдың алғашқы тоқсанында өсу көрсеткіші бойынша рейтингіде көш басындағы орнын ешкімге бермей келеді. Сондай-ақ қытайлық концерн әлемде жеткізілім саны бойынша алғашқы тоқсанда 282,2 пайызға өсіп үшінші орынға тұрақтады. Бұл рейтингіні IDC халықаралық зерттеу компаниясы түзді.

Компания фитнес-білезік пен ақылды сағаттар нарығында серпіліс жасап, жоғары өсім көрсетті. Бір жыл ішінде Huawei компаниясы көрсеткішін 213 пайызға өсіріп, өзге өндірушілерді артта қалдырды. Қытайлық компания өкілдерінің сөзінше, үздіксіз әрі тұрақты өсім Huawei компаниясының нарыққа бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруымен байланысты.

Компания тұтынушылардың ұсыныстарына құлақ асып, басты назарда ұстайды. Мысалы, 2018 жылы шығарылған Watch GT сағаты өзге ақылды сағаттарға қарағанда қуаттандырусыз ұзақ жұмыс істейді. Huawei Watch GT сағаты қалыпты жағдайда екі аптаға дейін жұмыс істей алады. Компания қалыпты жағдайға мыналарды жатқызған: қолданушы сағатты тәулік бойы пульсті өлшеу, ұйқыны бақылау, аптасына 90 минут жаттығу барысында жерсеріктік навигацияны қосу, хабарландыру алу және күніне экранды 200 мәрте қосу.

Бұдан бөлек Huawei Watch GT мәзірінде жаттығуға арналған оннан астам режимдер бар. Оның ішінде жүзу, велосипед тебу, ойлы-қырлы жерде жүгіру, триатлон және тағы басқалары. Құрылғы қолданушысына әр жаттығу барысында қан-тамыр соғысының көрсеткішіне байланысты кәсіби кеңестер беріп, қауіпсіздікті арттырады.

2019 жылдың наурыз айында Парижде өткен Huawei P30 смартфонының тұсаукесері кезінде қытайлық компания ақылды сағаттардың Huawei Watch GT Active Edition және Huawei Watch GT Elegant Edition секілді екі жаңа түрін көрсеткен болатын.

Серіктес материалы

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: Tengrinews.kz
Қосылған күні: 11 маусым, 13:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.