Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Күн жүйесіндегі жаңа ғаламшарға атау берілді

Күн жүйесіндегі жаңа ғаламшарға атау берілді

Күн жүйесіндегі жаңа ғаламшарға атау берілді

Күн жүйесіндегі жалпыға танымал емес планетаның бірі атауын алды. Осы күнге дейін атаусыз келген ергежейлі ғаламшар Плунтонның жанында айналады. Сол себепті ғалымдар оны плутоноидтар тобына қосады. Ал плутоноидтар өз кезегінде Койпер белдеуін "мекендейді".

Біздің жүйенің бұл облысы тек 1992 жылы ашылған еді. Ғалымдар оларды Күн жүйесі пайда болған "құрылыс материалдарының" қалдығы - астероидтар деп санаған. Бірақ ғылымның дамуымен астероид деген болжам қате болып шықты.

Бұл облыста ғаламшардың бар екені белгілі болды. Ал атаусыз ергежейлі ғаламшар осыдан 12 жыл бұрын ғана ашылған. Оның диаметрі 1 500 шақырымды құрайды. Салыстырмалы түрде Жердің диаметрі - 13 000 шақырым.

Аталмыш планетаны ашқан Калифорния технологиялық институтының астрономы Майкл Браун Планетологиялық қоғамның сайтында ғаламшарға атау таңдау үшін конкурс ұйымдастырды. Скандинавиялық құдай Вили, Одиннің ағасы, ежелгі неміс құдайы Хольда ұсынылған. Алайда Қытай мифологиясының өкілі Гунгун жеңіске жетті. Аңыз бойынша су құдайы Жердің орбитаға бұрышпен иіліп тұрғанына "кінәлі" және жердегі барлық апаттың себепкері.

Майкл Браун - Плутон аймағын зерттеуімен танымал. Оның Койпер жолағында орналасқан Плутоннан да үлкен UB313 (Эрида) атты планетаны тауып, Халықаралық астрономия одағына бағыттап, "не Эрида күн жүйесіндегі оныншы планета атанады, не Плутон планета болудан қалады" деп ресми түрде хат жазған болатын. Әрине, бұл жайттан кейін Эриданы елемей қалу мүмкін болмады. Сондықтан, әлем астрономдары біріге отырып, "ергежейлі планета" атты су жаңа класс ойлап тапты да, құрамына Плутон, Эрида, Церера, Хаумеа және Макемакены кіргізеді. Сонымен, күн жүйесінде қазір 8 негізгі планета, 5 ергежейлі планета бар.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Қосылған күні: 06 маусым, 16:45

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.