- Негізгі бет
- Техно
- Голливуд продюсерлеріне жасанды...
Голливуд продюсерлеріне жасанды интеллект қалай көмектеседі?
Голливуд продюсерлері фильмнің болашақ табысын есептеу үшін, жасанды интеллект, машинамен оқыту технологиясын қолданатын компаниялар көмегіне жиі жүгінеді. Бұл туралы The Verge жазды.
Қазіргі жасанды интеллект фильмнің сценарийін, жанрын, актерлік құрамын, белгілі бір елдерде көрсетілімге шығу уақытын есепке алып, фильм қанша табыс әкелетінін болжайды. Компьютерлік бағдарлама деректерді қорытып, алгоритмдер арқылы фильмнің кассалық табысын есептейді.
"Мысалы сізде басты рөлді Эмма Уотсон сомдайтын жазғы блокбастер бар делік. Бағдарлама көмегімен сіз Уотсон орнына Дженнифер Лоуренсті алсаңыз фильмнің табысы қалай өзгеретінін біле аласыз" – дейді Cinelytic компаниясының негізін қалаушы Тобиас Кайссер.
Мұндай бағдарламаның кемшілігі де бар. Біріншіден, жасанды интеллекітінің біраз болжамы анық нәрсе: мысалы, басты рөлдерге Леонардо Ди Каприоны немесе Том Крузды шақырып, фильмнің потенциалын білу үшін қымбат бағдарламаны қолданудың қажеті шамалы, дейді The Verge.
Одан бөлек, болжамдар өте консерватив жасалады. Себебі жасанды интеллект табысты бұрынғы фильмдерді ғана негізге алады. Оның мәдени өзгерістер мен бұқаралық талғамды ескеретін қабілеті жоқ.
Дегенмен, нарықтағы компаниялар алгоритмнің жақсы жұмыс істейтінін айтады. Мысалы ScriptBook компаниясы 2017-2018 жылы шыққан 50 картинаның 86%-інің табыс потенциалын дәл тапқан.
Massaget.kz