Әлемдегі ең қауіпті ноутбук бәссаудаға қойылды

Әлемдегі ең қауіпті ноутбук бәссаудаға қойылды

АҚШ-та Го О Донг есімді суретші мен Deep Instinct компаниясы бірігіп "әлемдегі ең қауіпті ноутбукты" сатуға қойды. Ноутбуктың бастапқы құны 1,13 миллион долларды құрайды.

Ноутбук бағасының қымбат болу себебі – техникада жалпы құны 95 миллиард доллар шығын келтірген, компьютер тарихындағы ең қауіпті 6 вирус бар. Бәссауданы The Persistence of Chaos деп аталатын арнайы сайт арқылы бақылай аласыз.

Аталған ноутбук 2008 жылы жасап шығарылған 10 дюймді Samsung компаниясына тиесілі. Windows XP операцион тізімімен жұмыс істейді.

Ноутбук ILOVEYOU (15 миллиард доллар шығын келтірген), MyDoom (шығын – 38 миллиард доллар), SoBig (шығын - 37 миллиард доллар), WannaCry (шығын - 100 миллион доллар), DarkTequila және BlackEnergy вирустарымен "уланған".

Жалпы вирустарды тарату АҚШ заңына қайшы саналады. Сондықтан аталған ноутбукты иелері өнер туындысы ретінде сатуға қойған.




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN