18 күн бойы өшпеген Xiaomi Redmi 7

18 күн бойы өшпеген Xiaomi Redmi 7
Фото: akket.com

Қытайлық Redmi бренді (Xiaomi компаниясының суббренді) Weibo платформасында тікелей эфир жасап, онда Redmi 7 смартфонының аккумулятор қуаты сыналған екен. Онлайн-трансляцияны 28 миллионнан аса адам қараған.

Онлайн-тест Redmi 7 смартфоны 435 сағат (таза 18 күн 3 сағат) қуаттаусыз қосулы тұра алатынын бүкіл әлемге көрсетті. Дегенмен смартфон күту режимінде болған, яғни тек экраны қосулы тұрған. 95% қолданушының болжамы тест-драйв нәтижесімен сай келмей қалды, тек 205 адам ғана смартфон уақытын дәл тапты. 

Redmi 7 4000 милиАмперлік батарея қуатының арқасында осындай ұзақ уақыттық көсеткішке жетті. Аккумуляторға жаңа графитті теріс электрод орнатылған, соның арқасында қуатталу алгоритмі оңтайланып, смартфонның автономды қабілеті едәуір жетілген.

Massaget.kz