Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Samsung ең озық теледидарларын таныстырды

Samsung ең озық теледидарларын таныстырды

Samsung ең озық теледидарларын таныстырды

Смарт-теледидар индустриясында соңғы жылдары жасанды интеллект технологиясына деген ұмтылыс байқалады. Бұл тұрғыда Samsung компаниясы нарықтағы жетекші компанияға айналды. Жыл сайын кәріс бренді өз теледидарларының негізінде жасанды интеллектінің қолданушылар ойлағаннан да биік дүние екенін дәлелдеп келеді.

Сапаның жаңа стандарты

2017 жылы Samsung өзінің кванттық нүктелер технологиясына негізделген ең алғашқы QLED-теледидарын шығарды. Бір жылдан соң, компания жасанды интеллект негізіндегі AI Upscaling масштабтау технологиясы бар, қазіргі уақыттағы ең озық QLED 8K теледидарын шығарып, ТВ нарығында революция жасады.

Алғашқы QLED 8K теледидарын шығарып, Samsung кескін сапасының жаңа стандартын жасады. Үлкен диагоналды QLED желісі 2018 жылдың наурызында шыққан соң, Samsung теледидар нарығындағы лидерге айналды. IHS Markit аналитика компаниясының дерегі бойынша, әлемдегі диагоналы 75 дюймнен жоғары әрбір екінші теледидар Samsung-та шығарылған.

2019 жылы үлкен диагоналды теледидарларға деген сұраныс трендіне байланысты, компания аса үлкен диагоналды экраны бар, қазіргі уақыттағы ең үлкен 8К ажыратымдығы бар 2019 жылғы жаңа QLED 8K Q900R, QLED Q90R, QLED Q80R теледидарларын таныстырды.

Quantum интеллектуал процессоры

Samsung-тың 2019 жылғы 4К және 8К ажыратымдағы QLED-теледидарларының ерекшелігі – Quantum процессоры. Ол жасанды интеллект арқасында әуелгі кескіннің сапасын әжептәуір жақсартып, көрініске қарай дыбысты ықшамдап және теледидар жарықтығын бөлме қараңғылығына қарай өзгертіп отырады. 

Интеллектуал процессор теледидар экранында өте шынайы кескін көрсетуге қауқарлы және экран жарықтығы мен дыбыс кез келген жағдайға контентке ыңғайлана алады. 

Арнайы Samsung үшін жасалған технология әр көріністі тым қошқыл қара түстен, өте ақшыл жарық реңктерге дейін оптимизациялай алады. Енді режиссердің көрсеткісі келген кескінін ең ұсақ детальдарда көруге болады.

AI Upscaling интеллектуал режимі қалай жұмыс істейді?

2019 жылы шығарылған Samsung теледидарлары Upscaling режиміне ие. Процессор 4К сапаға дейінгі кескінді "апскейл" жасайды, яғни детализацияны реттеп, кескінді тегістеп, сондай-ақ шуды кетіреді.

Samsung-тың машнамен оқыту алгоритмі 8К ажыратымға дейін масштабтаудың 3 сатылы формуласын пайдаланады: текстураны жасау, шуды өшіру және объектінің шетін қалпына келтіру.

Басында қорға 8К және одан төмен ажыратымдағы кескіндер жүктеледі. Кейін экрандағы текстура түрін анықтайды. Мысалы ол экранда құм текстурасы барын көріп, апскейлдың дайын формуласы арқылы оның сапасын арттырады.

Remote Access – қашықтан қолжетімді функция

Remote Access арқасында QLED желісінде қолданушылар компьютер, планшет және смартфон экранын теледидарға оңай қоса алады. Жаңа функция арқасында теледидарға пернетақтаны да қосып, құрылғыны оңай басқаруға болады. 

Сондай-ақ Smart TV арқылы басқа бөлмедегі, тіпті басқа ғимараттағы компьютерді HDMI-қосылымсыз жалғауға болады. Мысалы ноутбукты кеңседе қалдырып кетіп жұмысыңыз аяқталмай қалса, оны үйде отырып теледидар арқылы жалғастыра аласыз.

Одан бөлек, Remote Access кеңселік бұлтты сервистегі құжаттарды ашуға мүмкіндік береді.

Жетілдірілген ойын режимі

2010 жылдан бастап Samsung теледидарлары мен мониторларында ойын режимі (Game Mode) пайда болды. PlayStation, Xbox құрылғыларына қосылған режим кескіннің ойын процесіне жауап қату жылдамдығын жетілдіреді және кескіндегі кейбір детальдарды реттейді.

Жетік AI Sound режимі

Бұл технологияны Samsung өзінің басты бағыты санайды. Мысалы жаңа теледидарларда жасанды интеллект контент түріне сай аудионы сараптап, дыбыс үйлесімін бір деңгейге келтіріп отырады. 

 

Мысалы контент құрамында диалог көп болса, жасанды интеллект адамдар сөзінің анығырақ шығуын қамтамасыз етеді, одан кейін бірден экшн көріністер көрсетілсе, дыбыс арнайы эффектілерге ыңғайланады. Яғни жасанды интеллект көрерменнің көрініс ішінде болып, сезінуіне жағдай жасауға тырысады. 

Енді қолданушыларға арнайы дыбыс режимін таңдап отырудың қажеті жоқ, оның барлығын көрермен үшін AI Sound жасайды.

Ambient Mode. Теледидар – дизайн элементі

Биыл QLED-теледидарлар үшін Ambient интерьер режимі жаңартылды. Бұл Samsung теледидарларының функционалы үшін қосымша қызық режим болды.

Бір ғана ваттқа дейінгі энергия жұмсайтын бұл режим түрлі контентті экран бетіне теледидар өшірулі тұрса да фон етіп қоюға мүмкіндік береді. Мысал ретінде жаңалықтар панелін, бір реңкті түс, дайын кескіндерді, тіпті үй түсқағазымен, қабырға бояуымен үйлесетін гармониялық фонды қолдануға болады. 

Еске салайық, Samsung Electronics ТВ-нарыққа 1970 жылы шығып, өзінің ең алғашқы ақ-қара теледидарын шығарды. Содан бері компания нарық пен технологияның бірнеше даму кезеңін бастан өткерді. 2006 жылы бұл саладағы жетекші орынды иеленіп, 13 жыл бойы көш бастап келеді.

Жарнама материал

4
Рейтинг: +7

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Қосылған күні: 08 сәуір, 14:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.