Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Ғаламтор жоғалған сәт

Ғаламтор жоғалған сәт

Ғаламтор жоғалған сәт

Осыдан жеті ай бұрын Vanityfair басылымында ғаламтордың негізін қалаған Тим Бернерс-Ли туралы және оның әлемде IT саласы дамып, кибер шабуылдар мен адамдар туралы жеке мәліметтерді жинақтау басталғалы бері өз «баласынан» көңілі қалғанын баяндайтын мақала жарияланған болатын. Бүгін бізге беймәлім интернет әлемінің қызықтары жайында сөз ететін боламыз.  

«Егер интернеттің адамзатқа қызмет еткенін қаласақ, алдымен адамдардың оны қолданудағы негізгі мақсаты жайында ойлану керек»
Тим Бернерс-Ли

Бернерс-Лидің мансабы 63-жылдан кейін екіге бөлінді. Алдымен, ол Оксфордқа аттанып, «Еуропалық ядролы зерттеу ұйымында» (ЦЕРН) қызмет етеді. Кейін 1989 жылы интернетті жалпыға ортақ құрылғы ету идеясы келеді. Оған дейін ол «Интернет» атаулы платформаны ғалымдардың ақпарат алмасуы үшін қолданады. Одан кейін интернетті ашық әрі демократиялық платформа ретінде қалыптастыру идеясы жылдам іске кірісіп, кең сұранысқа ие болады. Ғаламтордың жылдамдығы артқаны секілді, Бернерс-Лидің өмірі де адам айтқысыз өзгереді. Times оны 20-ғасырдың беделді тұлғаларның бірі ретінде таниды. Ол компьютер ғылымы саласында жеткен жетістігі үшін Тьюринг жүлдесін алады. «Ол – жаңа сандық әлемінің Мартин Лютер Кингі», – деп пікір білдіреді Форд қорының президенті Даррен Уолкер.

Бернерс-Ли өзінің өнертабысынан тікелей табыс таппаса да, өмірінің басым бөлігін оны қорғауға арнаған. Интернет сұранысқа ие бола салысымен, Кремнийлі алқап (Silicon Valley) түрлі бағдарламалар мен әлеуметтік желілерді тарата бастады. Интернеттің негізін қаласа да, Бернерс-Лиді бір ғана нәрсе мазалаған: ол өзінің өнертабысының күші билікті, бизнесті және қоғамды өзгертетінін жақсы түсінді. Ядорлы қаруды құрастырған Роберт Оппенгеймер секілді ол да өзінің «баласы» қара пиғылды адамдардың қолында күшті қаруға айналатынын ұқты. Оның болжамдары көп ұзамай-ақ шындыққа айнала бастады: Facebook 80 миллионнан астам қолданушының жеке бас мәліметін Cambridge Analytica саяси зерттеу фирмасына бергенін мойындаған болатын. 2012 жылы 700 000-нан астам қолданушыға жасырын психологилық тәжірибе жұмыстарын жүргізген. Одан бөлек, Google және Amazon адам дауысы арқылы оның көңіл-күйіндегі өзгерістерді анықтауға арналған құрылғыны патенттеуге өтініш білдірген.

Осының бәрін ой жиегінен өткізген Бернерс Ли интернеттің түпкі мақсатын қайта орнына келтірмек. Өткен жылдың қысында ол 2009 жылы сандық әлемдегі адам құқығын қорғау мақсатында құрған World Wide Web Foundation қорының жыл сайынғы жиналысына қатысты. Оның есебі бойынша, 2017 жылдың қарашасынан бері 4 миллиардқа жуық адам ғаламторға қосылған: олар түйіндемеден бастап, саяси көзқарасын, ДНҚ ақпаратына дейін бөліседі. Желіге тағы миллиард адам қосылса, желіні билеп отырғандар қосымша ақпараттың триллион битін еңгізетінін және ол қауіпті әрі күштірек болатынын айтты. Бернерс-Ли бір сөзінде: «Интернет басында жоспарлағандай адамға қызмет етпейтінін және идеямыздың сәтсіз шыққанын мойындаймыз», – деп айтқан болатын.

Интернетті құру идеясы 1960 жылдары Бернерс-Ли Лондонда жүргенде туған. Оның ата-анасы сақталмалы бағдарлама арқылы іске асатын коммерциялық электронды компьютер құруға көмектескен. Олар өздерінің ұлдарын бит, компьютер миы мен машиналардың күші жайында әңгімелермен өсірген. Бернерс-Ли әкесінің болашақта компьютерлер адамның миының қызметін атқаратын дәрежеге жететіні жайлы айтқанын еске алады.

1970 жылдары Оксфорд студенті Бернерс-Ли ескі теледидар мен дәнекерлегіш (паяльник) көмегімен алғаш өзінің компьютерін жасап шыққан. Ол болашаққа еш жоспарсыз физика саласы бойынша білім алады. Кейін әр  түрлі компанияларда IT-маманы ретінде қызмет етеді. Тек 1980 жылдары ЦЕРН-де кеңесші дәрежесіне ие болады. Ол бір бағдарлама бойынша жұмыс істейді: мақсаты – ядро саласы бойынша жұмыс істеп жатқан ғалымдарға жаңа жүйе арқылы көмектесу. Өзінің туындысына Бернерс-Ли «Enquire Within Upon Everything» деген атау береді. Араға он салып, оның атауын жаңартып, Интернеттің негзігі қодын қолданысқа береді. 1991 жылы академиялық чатта қолданысқа енгенімен, оның мағынасына ешкім назар аудармайды. Бірінші іске кіріскен интернет арқылы байланысқан, құжат алмасатын ақпараттық жүйе болады. Оған дейін де ақпараттық жүйелер болады. Дегенмен, интернеттің күші бәрін басып озады. Бернерс-Ли ақпараттық жүйені жаңарту, оны қайта құру, жаңа порталдарды ашу мүмкіндігін интернетке кіре алатын және компьютері бар кез келген адамға тегін берді. Ол желінің дамуы үшін патент, рұқсат, бақылаудың кез келген түрі кедергі болатынын түсінген еді. Осылайша, интернеттің шексіз әлемінің тасы қалана бастады.

Интернеттің жарыққа шыққанына аз уақыт өткеніне қарамастан құрастырушылар қолданушылардың өздеріне тартудың түрлі амалын қарастыра бастады. Интернеттің экожүйесі барузерлер, сайттар, блогтарға толды. «Біз Интернет жасай алатын мүмкіндіктің бірінші кезеңінде болатынбыз», – деп еске алады 1996 жылы Alexa бірегей жүйесін құрған (кейін Amazon сатып алады)  Брюстер Кале.

«Интернеттің күші бір жекеленген топтарға жіктелді. Адам күшті билік иесі атанды. Оның бәрі рұқсат сұрайтын белгілі бір орталықтың болмауынан туындады. Жеке бақылау мен мүмкіндіктің тым жоғары болуы – біз осыны жоғалттық».  

Facebook, Google және Amazon енді Интернеттегі кез келген әрекетті басқарады: біздің сатып алған тауарымыз, оқитын жаңалықтарымыз, біздің араласатын адамдарымыз.

Бірнеше жыл бұрын елестеу мүмкін болмаған тыңшылық, басқару мен манипуляция әдістерін қолдана бастады. 2016 жылы Бернерс-Ли өзгеріс керектігін ұғып, өзінің өнертабысын бұзу (взлом) тәсілдерін жан-жақты қарастыра бастады. 2017 жылдың күзінде Facebook әлеуметтік желісінің қолданушыларға ұсынатын жаңалықтар мен ақпараттар алгоритмін зерттеуге World Wide Web Foundation қаржылай көмек көрсетті. Бернерс-Ли интернеттің төндіретін қаупін сезіп, бір шешімге келіп алданудан еркімізбен бас тартамыз немесе біле тұрып алдануға жол береміз деген пікірін білдірді. Оның ойынша, интернетке қосылатындарлың қатары артқан сайын ұл мәселенің шешімін табу қиындай түседі. Қазірден бастап, тек желідегілер ғана емес, әлі қосылмағандар да күресті бастауы тиіс.

Мақаланың авторы мына сәтті ерекше баяндайды:
«Біз кішкентай мәжіліс залында әңгімелескенімізге қарамастан, Бернерс-Ли әрекетке дайын еді. Ол интернет шекарасын баяндап отырып, қойын дәптеріне қалам алып сызықтар, нүктелер мен бағыттарды бейнелей бастады. «Мынау өзінің ең күшті компьютерін іске қосқан Илон Маск болуы мүмкін»,– деді Бернерс-Ли парақтың жоғары, оң бөлігіне қара сызық салып. Сол арқылы SpaceX және Тесла басшысының қаншалықты басым күшке ие екенін көрсеткісі келгендей.

Парақтың төменгі бөлігіне бір ғана нүкте салды да: «Бұл – Эфиопиядағы аздаған жылдамдықтағы желіге ие адамдар тобы. Бірақ, оларды ылғи бақылауда», – деді. Демократияның радикалды құрылғысы ретінде іске кіріскен желі бүгінде жаһандық теңсіздік мәселесін күшейтіп жібергенін алға тартты. Беттің басым бөлігін сызықтар мен нүктерелерге толтырған Бернерс-Ли шағын кеңістікті қалдырып:
«Қазір мақсатымыз – мына шаршыны толтыру. Оны Интернетте барлық адамның бірдей билікке ие болуы арқылы толтыру керек» – деді.

Оның бүгінде жұмыс істеп жатқан Solid платформасы жеке мәліметтерін корпорациялар емес, адамның өзі басқаруға мүмкіндік беретін болады. Болашақта мүмкін біз қолданатын желінің орнын тек әркім өзі билік ететін жаңа желі басатын шығар. «Интернет атасының» көздегені  де – сол.  

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: politikus.ru
Қосылған күні: 06 сәуір, 22:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.