Қанша уақытыңызды телефонға арнайсыз?

Қанша уақытыңызды телефонға арнайсыз?

Статистикаға сүйенсек, әр адам орта есеппен бір тәуліктің 3 жарым сағатын телефон ақтаруға арнайды. Ал жекелей есептесек, кей адамның көрсеткішінен телефонға деген тәуелділікті байқауға болады. Көк экраннан көз алмау – шешілмеген мәселесі шаш етектен келетін қоғам үшін байқалмағанымен, мұқият қарасақ өршіп кетер қаупі бар маңызды мәселе. Ал оның алдын алу жолы қандай?

Шетелдік сарапшылар мәселе шешімінің бір нұсқасын тауып, бағдарлама жасақтаушылар оны іс жүзінде жүзеге асырып телефон тұтынушысына арнайы бағдарламалық қосымша ұсынды. Ол – ActionDash деп аталады. Телефон қосымшасының көмегімен құрылғыны қанша уақыт қолданғаныңызды, қандай қызметті жиі пайдаланатыныңызды нақты анықтауға болады.

Қосымша android операциялық жүйесінің қолданушылары үшін қолжетімді. Оны іске қосу үшін бар болғаны телефонға орнатуға сұралған рұқсатқа келісетініңізді білдірсеңіз жеткілікті. Қосымша тек ағылшын тілінде жұмыс жасағанымен, қолдану барысында түсінбеушілік туындатпайды. Барлық статистика диаграмма, ойнамалы графикамен көрсетілгендіктен ұсынылған деректі бірден түсінесіз.

Қосымшаның қызметіне қол жеткізіп, көрсеткішіңізді көргеннен кейін телефонды себепсіз қолдануды азайтасыз деп сенеміз.





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – Baila