Xiaomi ойын нарығында төңкеріс жасамақ

Xiaomi ойын нарығында төңкеріс жасамақ
Фото: firstpost.com

Xiaomi компаниясы әлемге әйгілі PUBG және Fortnite ойындарының көшірмесін шығарды. 

Ойынның аты Survival Game деп аталады. Геймплей PUBG ойынына ұқсаса, кейіпкерлері Fortnite ойынынан алынған. 

Әзірге ойын тек Үндістан аумағында қолжетімді. Алайда қазірдің өзінде жаңа ойынды телефоныңызды жүктей аласыз. Ол үшін үндістандық Mi Store қосымша дүкеніне тіркелу қажет. Екінші тәсілі - телефоныңыздағы мекен жайды Үндістанға ауыстырып, Xiaomi дүкенінен жүктеуге болады.

Survival Game ойынындағы басты мақсат - тірі қалу. Xiaomi компаниясы бұл ойынның ерекше екенін, басқа ойындарға ұқсамайтынын мәлімдеген.

PUBG және Fortnite ойындары әлемдік нарыққа шыға салысымен рекорд орнатқан болатын. PUBG ойынының компьютерге және телефонға арналған нұсқалары дүниежүзінде сұранысқа ие. Ал Fortnite ойынын 138 күн ішінде 100 миллионға жуық ойыншы жүктеген.

Massaget