Қытайлар машиниссіз жүретін  рельссіз пойыздар жасап шығарды

Қытайлар машиниссіз жүретін рельссіз пойыздар жасап шығарды

Қытайдың Чжучжоу қаласында ерекше электропойыздар іске қосылды. Олардың ерекшелігі сол электропойыздарға рельстер керек емес. Осы арқылы ҚХР рельстерге кететін қаражатты үнемдеген.

Бір жыл бұрын Чжучжоу қаласы Қытай үкіметінің рельссіз пойыздарын тәжірибеден өткізетін орын ретінде таңдалған еді. Осындай транспорттың алғашқы нұсқасы қала көшелерінде қатынаған. 500 жолаушыны таситын электрпойыздарға рельс емес, асфальт бетіне салынған арнайы ақ жолақшалар жеткілікті.

Пойыз арнайы құрылғылар арқылы осы жолақшалармен жүреді. Тіпті оған машинист те қажет емес.

Жаңа транспорт жылдамдығын сағатына 70 шақырымға дейін арттыра алады. Ол арнайы қуатталатын батерея арқылы қозғалады. Рельссіз пойыз бір жағынан қаражатты үнемдесе, екінші жағынан экожүйеге де зиянын тигізбейді. Рельссіз пойыздар жобасы өте тиімді болғандықтан, ҚХР болашақта оларды басқа қалаларына да енгізбекші.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар