"Чанъэ-4" зонды адамзат тарихында алғаш рет Айдың арғы бетіне қонды

"Чанъэ-4" зонды адамзат тарихында алғаш рет Айдың арғы бетіне қонды

Қытайдың "Чанъэ-4" ғарыштық аппараты адамзат тарихында алғаш рет Айдың көрінбейтін бетіне қонды. Бұл туралы Қытайдың "Синьхуа" агенттігі твиттер парақшасында мәлімдеді.

Агентіктің мәліметінше, құрылғы ҚХР уақытымен 10:26-да (Астана уақытымен 05:26) Айдың арғы бетіне сәтті қонған. Құрылғыдағы луноход сол аумақты геологиялық және астрофизикалық тұрғысында зерттейді және көкөністерді өсіру бойынша эксперименттер жүргізеді.

NASA Ай мен Марсты зерттеуге арналған жоспарымен бөлісті

Зонд 2018 жылдың 7 желтоқсанында ұшырылып, 112 сағаттан соң Ай орбитасына жеткен. Зонд пен оның бортындағы луноход күннен қуат алатын батареялар арқылы жұмыс істейді. 

Айта кетейік, 2019 жылы ғарыштық зерттеулер саласында сәтті жыл болып басталды. 31 желтоқсанда "OSIRIS-REx" ғарыштық аппараты "Бенну" астеройдына қонса, 1 қаңтарда "Жаңа Горизонт" планетааралық станциясы Күн жүйесінің шетіндегі "Ultima Thule" астеройдына 3500 шақырымдай жақындап суретке түсірді.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар