Әлемде робот алғаш рет жаңалық жүргізді

Әлемде робот алғаш рет жаңалық жүргізді
Фото: youtube.com

Қытайда жасанды санаға ие жүргізуші әлемде алғаш рет жаңалық жүргізді. Виртуал жүргізушінің дебюті 7 қарашада Чжэцзян провинциясындағы Интернет бойынша Дүниежүзілік конференцияда өтті.

Қытай БАҚ өкілдерінің мәліметінше, кибержурналистің сыртқы бейнесі Қытайдағы танымал тележүргізуші Цю Хаоның сырт келбетіне негізделіп жасалған. Роботты жасаған мамандардың айтуынша, осылай кез келген адамның робот нұсқасын жүргізушіге айналдыруға болады. 

Виртуал жүргізуші телевизияда біраз шығындарды азайтуға көмектеседі. Мысалы, оған грим немесе айлық төлеу қажет емес. Ол күндіз-түні дем алмай жұмыс істей береді. 

Еске сала кетейік, 2017 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың экономикасын дамыған индустриалды экономикаға айналдыра алатын алдағы онжылдықта дамитын негізгі технологияларды деп атап өткен еді. Елдегі жасанды интеллекті дамытуға қатысатын компаниялар мемлекеттің толық қолдауына сүйенеді.

Т. Раушанұлы