NASA 43 миллион шақырым қашықтықтан түсірілген Жер суретін көрсетті

NASA 43 миллион шақырым қашықтықтан түсірілген Жер суретін көрсетті
Фото: hi-news.ru

АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігі Жер шарының Күн жақтан түсірілген суретін ресми сайтында жариялады.

Сурет Күнді зерттеуге арналған Solar Prober Parker зондындағы WISPR құрылғысы арқылы түсірілген. Ол оптикалық спектрдегі суреттерді түсіруге мүмкіндігі бар жалғыз құрылғы. 

Төмендегі суретте көріп отырғаныңыздай алыста Ай сынды жарқырап тұрған нүкте Жер ғаламшары.

Суретті үлкейткенде оның жанынан кішкентай ақ нүктені байқай аласыз, бұл Жердің серігі – Ай. Бұл сурет Жерден 43 миллион шақырым қашықтықта түсірілген. 

Тағы да суреттің төменгі сол жағында сіз екі жарқын нүктені көре аласыз – бұл Бетельгейзе мен Беллатрикс жұлдыздары. Құрылғының айналуына байланысты олар біраз созылыңқы болып көрінеді.

Т. Раушанұлы