Марс үстіндегі бұлт - бұлт емес, су буы болып шықты

Марс үстіндегі бұлт - бұлт емес, су буы болып шықты
Фото: hi-news.ru

Бір айдан астам уақыт бойы Еуропа Ғарыш агенттігінің ғарыштық аппараты Қызыл планетаның үстінде орналасқан шұңқыр сияқты біртүрлі бұлтты байқап, зерттеп келді. Ғалымдардың айтуы бойынша, бұлттың орналасуы 13 қыркүйектен бері өзгермеген – ол планетаның экваторына жақын (Марс экваторында температура 20 градусқа дейін жылы болады) Арсия тауының (бұрынғы жанартау) жоғарғы жағында орналасқан.

Алайда, EҒА зерттеушілері атап өткендей, бұл жай ғана сәйкестік. Бұлттың пайда болу себебі жанартаудың оянуы емес, өйткені еуропалық ғалымдардың пікірі бойынша Арсия вулканы 50 миллион жыл бұрын сөнген және қайта оянуы мүмкін емес. Зерттеушілер "сонда бұл не?" деген сұрақтың айналасында біраз бас қатырды.

Еуропа ғарыш агенттігі сайтының мәлімдеуінше, Mars Express зонды аталған бұлтты үш рет байқаған. Сонымен бірге, бұлт бір уақытта, бір мезгілде қайта-қайта пайда болған. "Бұл енді сәйкестік емес", – дейді ЕҒА ғалымдары.

Мына сурет Mars Express ғарыш аппараты көмегімен түсірілген. Бұл суретте белгісіз бұлт анық көрініп тұр. 

Алғашында ғалымдар бұлт Марс дауылынан Арсия тауының айналасында пайда болатын шаңның нәтижесі деп болжаған еді. Бірақ зерттеушілер Марстағы бұл бұлт емес, су буының көрінісі деген тоқтамға келіп отыр.

Айта кетейік, Болонья Ұлттық астрофизика институтының ғалымдары Марста шынында су бар екенін дәлелдейтін мәліметтерді жариялағанын, осыған дейін ғалымдар Марста кейде мұздың еруінен судың болуы мүмкіндігін, бірақ ғаламшардағы төмен қысымға байланысты оның көп өтпей буланып жоқ болып кететініндігі туралы жазған едік.

Т. Раушанұлы