Hackday: Идеядан прототипке дейін

Hackday: Идеядан прототипке дейін

Кейде ойға алған іске кірісе алмай дал боламыз. Итеруші күш керек секілді. Әсіресе, соңғы уақытта жанып тұрған жастардың жалыны тез суып қалады деп үлкендер жағы өкпе артып жатады.

Психолог мамандардың айтуынша, адамның өмірге деген көзқарасының өзгеруіне, белгілі бір дағдыны қалыптастыруға және тың нәрсені игеруге 24 сағат жеткілікті екен. Бұл сағатты әркім әртүрлі жіктейді. Бірі 24 күн бойына бір сағатын жаңа нәрсеге арнаса, енді бірі тек сағат уақытын ұзартып, күнді қысқартады.

Ал, Hackday жастар инновоциялық идеялар фестивалінде осы уақытқа дейін ойға алған нәрсені бір күнде шындыққа айналдыруға болады.

Hackday деген не?
Hackday – ТМД елдерінің арасында жыл сайын өткізілетін идеялар фестивалі. Жас мамандар, студенттер және жоғары сынып оқушылары шығармашылық ортада бас қосып, өз идеяларын іске асырып жаңа стартаптың негізін қалайды.

HackDay фестивалінің мақсаты қандай?
Ақпараттық технологиялар, бағдарламалау ісімен айналысатын жастар, видеомейкер мен жас режиссерлердің басын қосып, берілген мерзім, яғни, 24 сағатта нәтижеге қол жеткізу.

HackDay  қалай пайда болды?
Фестивальдің алғашқы нұсқасы “Yahoo!” компаниясы арқылы іске асты. 2005 жылы компания қызметкерлерінің арасында шығармашылық идеяны іске асырып, топ-менеджерлерге прототипті көрсету міндеттелді.

HackDay қалай өтеді?

Фестивальге топ немесе жеке тұлға ретінде қатысуға болады. Жеке адам шара барысында пікірлесін тауып, бірге жұмыс істей алады.

HackDay секциялары қандай?
HackDay атауын естіген бойда бірден көз алдыңызға IT бағыты елестейтіні анық. Иә, басты секция – IT саласы. Дегенмен,  фестивальда бақ сынайтындар саны «Кино және видео» бағыты бойынша бәрінен озық тұр.

Биылғы фестивальде мынандай секциялар болады:
1. «Кино және видео»
2. «Контент және медиа»
3. «Ақпараттық технологиялар»
4. «Мобильді технологиялар»
5. «Дизайн және анимация».

Фестиваль қашан өтеді?
Фестиваль Алматы қаласында 10-11 қараша аралығында өтеді.

Фестивальге қатысу үшін не істеу керек?
– Іске асырғыңыз келіп жүрген идеяны жинақтаңыз.
– Сізге серік болатын, сізбен бірге жұмыс істейтін пікірлестермен бас қосып, топ құрыңыз.
HackDay арнайы сайты арқылы тіркеліңіз.
– Сіз дайынсыз. 

Сәттілік тілейміз!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ырысбек Дәбей, жазушы: "Қазақстанда жазушылықпен күн көру қазірше мүмкін емес"
Ырысбек Дәбей, жазушы: "Қазақстанда жазушылықпен күн көру қазірше мүмкін емес"
Бір жасқа дейінгі сәбиді күту мен асырау
Бір жасқа дейінгі сәбиді күту мен асырау
Кометаның кейінгі жеті жылдағы ең жарқын фотосуреті
Кометаның кейінгі жеті жылдағы ең жарқын фотосуреті
Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалды
Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалды
Жаңа рекорд: Спорт тарихындағы ең қомақты келісімшарт
Жаңа рекорд: Спорт тарихындағы ең қомақты келісімшарт
Галстук эволюциясы
Галстук эволюциясы