Жақын болашақта пайда болатын жаңа мамандықтар

Жақын болашақта пайда болатын жаңа мамандықтар
Фото: msk.itstep.org

Технологиялар күн сайын қарыштап дамыған заманда адамзат атқаратын жаңа салалар мен мамандықтар да көбейіп келеді. Da Vinci Институтының басты футурологы және Google нұсқасы бойынша үздік оқытушы-футуролог Томас Фрей болашақта пайда болатын жаңа мамандықтарды атады. Ендеше, Фрейдің тізіміне назар салыңыз.

Дрондар диспетчері (Drone Dispatcher) 
Дрондар азық-түлік пен түрлі тағамдарды жеткізіп беретін курер қызметін ауыстырады. Қала берді олар кино саласында да операторлық қызмет пен айналаны бақылайтын күзетші кәсібін де атқарады. Болашақта дрондарды басқаратын диспетчер мамандарына деген сұраныс артады.

Квант есебімен айналысатын маман (Brain Quants)
Биржа саудасы кезінде қиын есептеулерден пайдаланатын маман. 

Гравитацияны итеруші (Gravity Puller)
Гравитацияға әсер ететін кодты бұзатын маман.

Уақыт хакері (Time Hacker) 
Адамзаттың өмір сүру ұзақтығын бақылайтын адамдар.

Уақыт брокері (Time Broker) 
Уақытпен саудаласатын банк маманы. 

Табиғат инженері (Tree-Jacker) 
Өсімдік пен ағаштарды түрлі әдіспен өсіретін бағбан. Ол бағдарлама арқылы ағаш өсіреді. Оның жапырағы, қандай жеміс беретінін тіпті өсімдіктің түсін өзі қалаған түске де ауыстырып, оның өсуін бақылайды. 

Биолог-психолог (Plant Psychologist) 
Табиғат инженерлері келтіретін зиянды азайтумен айналысады. 

Жануарларды будандастырушы (Extinction Revivalist) 
Жоғалып кеткен жан-жануарларды қайта клондап, қайта өмірге әкелетін маман.

Будандастырушы фермер (Clone Rancher) 
Болашақта адамдар да үй жануарлары сияқты шаруа қожалықтарында көбейтіледі.

Дене бөлшектерін жасайтын маман (Body Part & Limb Maker) 
Адам дене бөлшегін жасап шығаратын мамандардың арқасында болашақта мүгедек адамдар мүлдем болмайды. 

Өсімдіктер тәрбиешісісі (Plant Educator) 
"Ақылды" өсімдіктер тәрбиеші талабына сәйкес өсетін болады.

Ерін дизайнері (Lip Designer) 
Ерінді қалаған қалыпқа келтіретін маман.

Жад терапевті (Memory Augmentation Therapist) 
Тәтті естеліктерді сақтайтын маман. 

Амнезия хирургі (Amnesia Surgeon) 
Жағымсыз естеліктерді адам миынан өшіріп тастайтын маман.

Нано-құрал маманы (Nano-Weapons Specialists) 
Болашақта құралдардың кішірейіп кететіні сонша, оны арнайы маман болмаса, қарапайым көзбен көру мүмкін емес болып қалады. 

Ғарыш энергия жүйесінің конструкторы (Space-Based Power System Designer) 
Болашақта энергия табиғат ресурстарын жағу арқылы емес, ғарыштан алынатын болады. 


Геоинженер (Geoengineer) 
Ауа-райын бақылайтын маман. 

Жер сілкінуін алдын ала болжайтын маман (Earthquake Forecaster)
Табиғат апатының алдын алатын маман.

Энергия сақтаушы маманы (Mass Energy Storage Developer) 
Біз электр энергиясын өндіріп пайдаланамыз да, оны болашақ үшін сақтап қоюды білмейміз. Болашақта өндірілетін энергиялар қоймада сақталатын болады.

Ауа инженері (“Heavy Air” Engineer) 
Ауаны сығу арқылы құрылыс пен транспорт инфраструктурасында жаңа мүмкіндіктер пайда болады.

Робот құрттар (Robotic Earthworm Drivers) 
Робот құрттары қоқысты топыраққа айналдырумен айналысады.

Т. Раушанұлы