Жаңадан шығатын iPhone смартфондардың бағасы белгілі болды

Жаңадан шығатын iPhone смартфондардың бағасы белгілі болды

Apple компаниясы биыл күзде iPhone сматфонының 3 бірдей түрін қатар шығаратынын хабарлаған едік. 14 тамыз күні су жаңа гаджеттердің сатылымға шамамен қандай бағада шығатыны анықталды. Бұл туралы Trend Force компаниясының сарапшылары мәлімдеді.

5,8 дюймді дисплейге ие iPhone X $899-$949 (328 000-346 000 теңге) шамасындағы бағамен нарыққа енеді. Ал экраны 6,5 дюймді iPhone X Plus $999 (364 000 теңге) шамасында сатылады.

Үшінші, сұйық кристалды экранмен жабдықталған бюджеттік iPhone $699-$749 (255 000-273 000 теңге) аралығындағы бағамен қолданушы қауымға жол тартпақ. Сарапшылардың болжамы бойынша, 2018 жылы жарыққа шыққан iPhone смартфондардың арасында дәл осы телефон ең көп сатылады. Trend Force мамандары биылғы жылдың соңына дейін бұл үш смартфонның шамамен 83-88 миллион данасы сатылады деп болжап отыр.

Apple компаниясы бұл үш өнімді қыркүйек айында ресми түрде таныстырады. Алайда, танстырылым күні әлі нақты мәлімделген жоқ. Осыған дейін хабарлағандай, бұл кеш болжаммен 11 немесе 12 қыркүйекте өтуі мүмкін.

Applе бұл шараның барысында жаңа смартфондарды таныстырумен қатар, компанияның төл өнімі AirPower сымсыз қуаттағыштарының да сатылымға шығу күнін хабарламақ. TechNewsWorld басылымының таратқан ақпараты бойынша, бұл қуаттағыш $150 (54 000 теңге) бағамен сатылады. Таныстырылым өткеннен кейін, құрылғы бірден электроникалық дүкендерде сатылымға шықпақ. Қуаттылығы 7,5 Ватты құрайтын сымсыз қуаттағыш бір уақытта бірнеше құрылғыны қуаттауға қауқарлы.

Жаңа iPhone смартфондардың көмегімен күрделі компьютерлік ойындарды да ойнауға мүмкіндік туады. Компания құрылғыға қуатты процессор силау арқылы тұтынушыларын тағы бір қуантпақ. Сарапшылардың айтуынша, ойынның графикалық сапасында да мін жоқ көрінеді.

Биыл Huawei компаниясы да мықты процессорды талап ететін ойындарды смартфон арқылы ойнауға мүмкіндік беру үшін, процессордегі бағдарламалық жасақтамаға GPU Turbo технологиясын енгізген еді. Сарапшылардың пайымы бойынша, дәл осы технология биыл Huawei-дің көптеп сатылуына айтарлықтай әсер еткен.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс