5 тамыз күні Сан-Францискодағы OpenAI кеңсесінде Dota 2 ойынынан батл өтті. Кездесуге екі топ қатысып, өзара мықтыны анықтады.Бірінші топта киберспорт бойынша белгілі комментаторлар, кәсіпқой ойыншылар Уильям Ли, Остин Уолш, Иоаннис Лукас, Бэнь У мен Дэвид Тан болды. Ал екінші тарапта OpenAI Five жасанды интеллекті жалғыз өзі 5 адамға қарсы ойнады. Адамзаттың атынан додаға түскен ойыншылар статистикалық көрсеткіштері бойынша іріктелді. Ойында 2:0 есебімен жасанды интеллект жеңіске жетті. OpenAI боты екі картада да ойын басталғаннан аяқталғанға дейін адамдар тобынан алда болды. Әр матчтың алдында жасанды сана өзінің 95% жеңіске жететініне сенімді болған. Бұл адам мен жасанды сана арасындағы алғашқы бәсеке емес. Осыған дейін дебат жарысында екі тарап пікірталасқа түсіп, өзара мықтыны анықтаған болатын. Ғаламды зерттеуге қыруар қаржы бөлудің қажеті бар ма? деген тақырып аясында өткен дебатқа Project Debater жасанды интеллекті және Израильдіңпікірталасчемпионы Ноа Овадиа бастаған топ қатысты. Жасанды интеллект қарсыласынан қажетті ақпаратты алу үшін алдау, өтірік айту қасиеттерін меңгерген. Тіпті, пікірталастың қызған уақытында ол адамға түсініксіз тілде сөйлеп кетеді екен. Қарсыластар алдын-ала дайындаған зерттеулерін4 минуттаноқып, мәселені шешу жолдарын көрсетті. Одан кейінгі 4 минутта қарсыластың келтірген дәлелдеріне қарсы пікір айтып, кезекпен сөз таластырды. Қалған 2 минут қорытындылауға арналды. Жасанды интеллект Адамзат үшін ғаламды зерттеу, оған қызығушылық таныта отырып игеру тек ғылымды ілгерілетіп қана қоймай, адамның жеке қабілеттерін, ой өрісін одан әрі дамытуына жол ашады деген қорытындыға келді. Жиынның соңында дебатты басынан аяғына дейін тамашалаған көрермендер жасанды сананың дәйектері нақты, орынды деген шешімге келіп, оның ұсыныстарын қолдады. Осылайша, Project Debater өз қарсыласынан басым түсті.