- Негізгі бет
- Техно
- Алдағы он жылда...
Алдағы он жылда АЭС-тер жабылады
Эксперттер 2025 жылға дейін құрылғанына 40 жыл болатын атом электр станцияларының 70 пайызының жұмысы тоқтатылады дейді.
"Bussines Insider"-дің хабарлауына қарағанда бұл энергия нарығында үлкен бетбұрыс болып, жүз мыңдаған мамандар еңбек етіп жатқан бүтін басты бір ғылымның өмірінің бітіп жатқанын көрсетеді.
Соңғы онжылдықта АҚШ-та бес АЭС жабылды. Олардың орнын энергияның жаңа түрлері иеленіп алды. АЭС-тің жабылуының бірінші себебі – бұл экономика, атом электр станцияларын салу мен пайдалануға қарағанда жақсы қызмет ететін газ және көмір станциялары.
Екінші себеп – құрылыстың қауіпсіздігі. АЭС-тің құрылысы өте қымбатқа түсуінен бөлек, ешқандай мемлекетке «Чернобыль апаты» керек емес.
Үшіншіден, атом энергетикасына қатысты теріс көзқарас экологиялық таза энергия көздерін – күн фермаларын немесе геотермалдық қондырғыларды құруды ынталандырады және бұл бүкіл әлемде кең таралып жатыр.
Ғалымдар жоғарыда аталған мәліметтерге сүйене отырып, АЭС-тер келесі онжылдықта мүлдем жоғалып кетеді деп отыр.
Т. Раушанұлы