- Негізгі бет
- Техно
- Мекенжай анықтамасын Telegram-бот...
Мекенжай анықтамасын Telegram-бот арқылы алуға болады
@EgovKzKenesBot боты SMS-хабарлама арқылы ХҚКО-ында жиі сұралатын 4 қызметті беруге қауқарлы.
Дәлірек атап айтар болсақ, қазақстандық азамат бұл ботты қолдану арқылы:
Мекенжай анықтамасын;
Басқа заңды тұлғаларға жеке тұлғалардың қатысы туралы анықтаманы;
Сотталмағандығы туралы анықтама;
Жылжымайтын мүлкінің бар-жоғы туралы анықтаманы ала алады.
Бұл қызметтерді қолдану үшін азаматтар базасында міндетті түрде тіркелуіңіз керек. Демек, сіздің ұялы байланыс нөміріңіз egov.kz порталының профиліне бекітілуі тиіс. Сонымен қатар, дәл осы боттың көмегімен алынған анықтаманы телефонға сақтап қоюға болады және e-mail арқылы жолдай аласыз.
Ақпарат тарату кезінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов жақын уақытта egov.kz порталының жаңа дизайнға көшетінін де жеткізді. «Қазіргі дизайн 2012 жылы жасалған. Бір сөзбен, қазіргі заманның талаптарына сәйкес келе бермейді. Қолданушымен кері байланысты ұстану үшін порталдың beta-нұсқасы әзірленіп қойған. Қолданушылар онда өздерінің пікірлерін қалдыра алады»,– деді Әсет Тұрысов.
А. Қажиев