Миллиардер Ричард Брэнсон ғарыштағы алғашқы турист

Миллиардер Ричард Брэнсон ғарыштағы алғашқы турист
Фото: metro.co.uk

Ұлыбританияның "Virgin Galactic" компаниясы басшысы – 67 жастағы миллиардер Ричард Брэнсон ғарышқа ұшуы және онымен алғашқы ғарыш туристерінің бірі болуы мүмкін.

Ғарыш туризміне арналған "Virgin Galactic SpaceShipTwo" ракетопланындағы алғашқы ұшу алдағы бірнеше айдың ішінде жүзеге асырылуы жоспарланып жатыр.

Брэнсон бұл туристік жүйе қауіпсіз һәм сапалы жұмыс істейтінін адамдарға дәлелдеу мақсатында оны бірінші болып сынап көреді. Миллиардер қазіргі уақытта ұшу алдындағы дайындықтардан өтуде.

"Virgin Galactic" жоспарларына қарағанда ғарыштағы саяхаттың жалпы уақыты 2,5 сағат болып, осының 5-6 минутын ғарышкер салмақсыздықта өткізеді. Ғарыш билетінің құны – 250 мың доллар.

Т. Раушанұлы