Google жүйесінен қалай дұрыс іздеу керек?

Google жүйесінен қалай дұрыс іздеу керек?

Ақпаратты тез табу үшін мына тәсілдерді қолданған дұрыс. Сол кезде іздеген ақпаратыңыз бірден табылады. 

• Нақты сөздерді іздеу 
Сөздерді не сөйлемді іздеу жүйесіне жазған кезде бір сөзін ұмытып қалатын кездер болады. Мысалы, әннің мәтінін іздеген кезде бір ғана сөзін білеміз делік. Мұндай жағдайда сол сөзді тырнақшамен жазу керек. Сол сәтте сізге іздеген ақпаратыңыз шығады. 

• Мәліметті белгілі бір сайттан іздеу 
Google – ең жақсы іздеу жүйесі. Басқа сайттардың іздеу жүйесіне қарағанда өте жақсы жұмыс істейді. Сондықтан Google-дың іздеу жүйесіне белгілі бір сайтпен қатар жазған дұрыс. Мысалы, Сұхбат site:massaget.kz 

• Мәтін ішіндегі сөздерді іздеу 
Егер сізге табылған нәтижедердің ішінде барлық сөздер қажет болса, былай іздеген дұрыс: allintext:7 мамыр. Егер іздеу нәтижелерінен бір ғана сөз қажет болса, кез келген жаңа бетті ашыңыз. URL кодын жазатын жерге іздейтін сөзіңіздің алдында intext: деп жазу керек. 

• Белгілі бір типтегі құжатты іздеу 
Сізге ағылшын тілінен мәліметтер керек болды делік. Ал мәліметті pdf форматында тапқыңыз келеді. Мұны mime операторы арқылы іске асыруға болады. Мысалы, сізге journalism деген сөз бойынша мәлімет керек. Бұл жағдайда Google-ға былай жазасыз: journalism:pdf 

• Ұмытып қалған сөздерді іздеу 
Цитатадағы, әндер мен мақал-мәтелдердегі бір сөзді ұмытып қалдыңыз ба? Google жүйесі сізге тауып береді. Тек дұрыс табу үшін ұмытып қалған сөзіңіздің орнына * қойсаңыз болады. 

• Керек емес сөздерді іздеу нәтижесінен алып тастау 
Сіз аралға демалуға баруды шештіңіз. Ал Мальдиваны мүлде қаламайсыз. Ал Google іздеу жүйесінің нәтижелерінен Мальдива аралдары туралы ақпаратты көрсетпеуге болады. Ол үшін “аралдағы демалыс – Мальдива” деп жазасыз. Яғни, Мальдиваның алдына белгісін қоясыз. Сол кезде сізге Мальдива туралы нәтижелер көрінбейді. 

• Екі мәліметті қатар іздеу 
Сізге екі адамға қатысты мәлімет бірден керек болды делік. Мысалы, Александр Македонский мен Александр Пушкин туралы мәліметтерді қатар көргіңіз келсе, былай іздеген дұрыс: “Александр Македонский|Пушкин”. Іздеген мәліметіңізді тура таба аласыз. 

• Сөздің мағынасын іздеу 
Белгілі бір сөздің мағынасын іздеу операциясы “define” операторын қолдану арқылы іске асырылады. Мысалы: define: man

baribar.kz

 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауа-райы жаһандық жылынуға қарағанда екі есе тез жылып келеді
Қазақстанда ауа-райы жаһандық жылынуға қарағанда екі есе тез жылып келеді
Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады?
Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады?
NASA ғарышқа жіберген картада не бейнеленген?
NASA ғарышқа жіберген картада не бейнеленген?
Қазақ ғалымы қатерлі ісікті жазатын дәрі ойлап тапты
Қазақ ғалымы қатерлі ісікті жазатын дәрі ойлап тапты
Мемлекеттер ғаламшарға айналса қандай болар еді?
Мемлекеттер ғаламшарға айналса қандай болар еді?
Зейнетақы тарихы және ең көп зейнетақы төлейтін елдер
Зейнетақы тарихы және ең көп зейнетақы төлейтін елдер