Huawei компаниясының үздік смартфондары Алматыда таныстырылды

Huawei компаниясының үздік смартфондары Алматыда таныстырылды
Фото: Yernar Almabek

25 сәуірде Huawei Kazakhstan Device "Huawei P Series" таныстырылымын жасады. Тура 1 ай бұрын Huawei Р сериялы Huawei P 20, P20 Pro флагмандарын алғаш Парижде таныстырған еді. Ал Алматыдағы ресми презентацияда аталған смартфондармен бірге бюджетті нұсқа Huawei P 20 Lite моделі де ұсынылды. 

Huawei Kazakhstan Device директоры Лю Янг Huawei комапниясының Қазақстан нарығындағы табыстарын айтып, жаңа флагмандарды таныстырды. Huawei P 20, P20 Pro және P 20 Lite смартфондары компанияның нарықтағы әлеуетін арттыратын аса табысты модельдер болмақ. Қазақстандағы маңызды қолданушылармен жұмыс істейтін менеджер Бақытжан Тоғысбаев мәлімдемесіне сәйкес, Huawei қазір сатылым мен сапа бойынша үздік үштікте. 

Презентациядағы басты смартфон Huawei P 20 Pro болды. Компанияның басты флагманы да, үздігі де осы – Huawei P 20 Pro. Бәлкім, бұл – нарықтағы үздік смартфон. HiSillicon Kirin 970 авторлық процессоры, сағатына 4000 милиампер батарея қуаттылығы Pro моделінің деңгейін әлдеқайда биіктетіп тұр. Әр модельді сынап көргісі келгендер аз болмады. Презентация барысында Leica камераларының сан салалы артықшылары баса айтылып, жиылған жұрт таңданысын тудырды.  

Pro моделінде әзірге әлемдегі ең үздік Leica камералары орнатылған. Моноxромды бірінші камера 20 мегапиксель, түрлі түсті екінші камера 40 мегапиксель және ұзынфокусты 8 мегапиксельді камералар – әзірге әлемде теңдесі жоқ объективтер. Massaget.kz ұжымы P 20 Pro смартфонын тестілеп көрген еді. Ендеше, презентация барысын назарларыңызға ұсынамыз.

Кәміл дизайн мен 19:9 дисплей, корпусқа жарасқан mono-eyebrow Pro моделін жинақы, бекзат құрылғы ретінде көрсетіп тұр. 

3 модульді камераның қызығына тоймай, суретке әрі түсіріп, бері түсіргендер таңданған кейіптерін жасырмады.

Күлгін-көк түсті корпус классикалық имиджге де, еркін образдарға да лайықталған. 

"Телефонды жасаған соң 40 мегапиксельмен жасау керек екен-ау".

"Pro десе Pro екен!"

Презентацияға Huawei компаниясының жаңа бренд-амбассадоры әнші-рэпер Jah Khalib қатысып, жиылған жұртты хит әндерімен сергітіп тастады.

Сәуір айынан бастап Р сериялы смартфондар Қазақстан нарығында сатылымға шықты. Huawei P 20 Pro моделі 349 990 теңге, Huawei P 20 болса 299 900 теңге, ал бюджеттік Huawei P 20 Lite смартфоны 149 990 теңгеге бағаланған. 

Massaget.kz порталында тұсауы кесілген жаңа смартфондарға, яғни Huawei P 20 Pro мен Huawei P 20 Lite девайстарына жақын күндері шолу жасалады. Ал оған дейін Huawei P 20 смартфонына жасалған техно шолуды көріп, функционалы мен артықшылықтарын бағамдауларыңызға болады.


Massaget.kz