- Негізгі бет
- Техно
- Илон Маск «Facebook»-тағы...
Илон Маск «Facebook»-тағы «SpaceX», «Теsla» парақшаларын өшіріп тастады
«Facebook-ты өшір» (#deletefacebook) акциясын қолдап, осы үндеуді таратып жатқан ғаламтор тұтынушыларының саны күн санап артып келеді. Жеке бастың деректерін сақтауда немқұрайлық танытқан әйгілі компанияға қарсы шыққан халық қатарларына танымал жұлдыздарды да тартып жатыр. Заманауи технологияның кең өріс алған заманында танымалдыққа ие болған Илон Масктың өзі бұл бастаманы қолдайтытын айтты.
Ол «Facebook»-тағы өзінің «SpaceX», «Теsla» парақшаларын бір мезетте өшіріп тастады. Оның бұндай әрекетке баруына, «Twitter»-дегі оқырманының жазған хабарламасы әсер еткен. Брайан Актон есімді азамат Илон Маскке «Уақыт келді. #Facebook-ты өшір» деп жазған. Сонымен қатар әйгілі миллиардердің «Facebook»-тағы «SpaceX», «Теsla» парақшаларын өшіруді сұраған. «Осыны істесең, сен нағыз еркексің» деп қанаттандырып қойғаны тағы бар. «Facebook»-тағы соңғы мезгілде орын алып жатқан кемшіліктер мен халықтың сұранысын ескере отыра, ол бұл ұсынысқа келісіпті.
Миллиардер парақшаларын Фэйсбуктан өшіргенімен, дәл осы компанияға тиесілі Instagram желісіндегі аккаунттарына әзірге тиіспеді. Твиттерде не жағдай болатыны да белгісіз.
Айта кетер негізгі жайыт, дәл осы оқырманның наразылығы артқан күннен бастап ғаламтор зиянкестері 50 миллион адамның жеке ақпараттарын бұзып алған. Компания бұл жайлы хабардар болғанымен, уақытында еш әрекетке бара алмапты.
Біздің мақалаларды Телеграмнан оқыңыз.
А. Қажиев