Amazon компаниясының негізін салушы Джеф Безос жуырда 42 млн доллар тұратын жаңа жобаны инвистициялады. Жаңа жоба дегеніміз механикалық ерекше сағат. Жоба жетекшілері сағат 10 000 жыл жұмыс істейді деп мәлімдеп отыр. Алғашында мұндай ерекше сағат жасауды 1995 жылы өнертапқыш Дэнни Хиллис ұсынды. Хиллис бұл ерекше сағат адамдарды болашақ туралы және планетамыздың бүгінші хәл-жай туралы ойландыруға итермелейді деп есептеген. Нәтижесінде идеа жобаға айланып Long Now қоры сағатты құрастыруды қолға алып отыр. Сағат 10 000 жыл жұмыс істейді. Сағат тілдері секундты, минутты емес жылдарды, ғасырларды көрсететін болады. Ал, бұл жобаны Джеф Бесоз қолдап, 42 млн доллар көлемінде қаржы бөліп отыр. 152 метрлік сағаттың құрылыс жұмыстары Техас штатындағы Бесоз меншігіндегі жерде басталып та кетті. Бұл туралы Джеф Безос өзінің инстаграмм парақшасында мәлімдеді.