3D-принтер туындысы ғарышқа ұшырылды

3D-принтер туындысы ғарышқа ұшырылды
Фото: vk.com

Бұл жаңалық Илон Масктың ұйқысын қашырған шығар...

Rocket Lab аталатын ғарыш саласы бойынша маманданған америкалық жекеменшік компания Жаңа Зеландияның аралдарының бірінен зымыран ұшырды.

Бұл компанияның алғашқы сәтті тәжірибесі екен. Electron зымыранының мақсаты Rocket Lab клиенттеріне толы 3 шағын спутникті орбитаға шығару болған. Олардың жалпы салмағы 225 кг-нан аспайды. Себебі, 3D-принтерден шығарылған зымыран дәл осындай жүк көтергіштікке ие. Ал, орбитаға жеткізілген спутниктер ауа-райы өзгерістерін қадағалайды.

Естеріңізге сала кетейік, Rocket Lab компаниясы орбитаға шағын спутниктерді шығару үшін ғарышқа ультра жеңіл тасымалдаушы зымырандарды даярлаумен айналысады. Бұл шаралар коммерциялық негізде жүзеге асады.

А. Оралқызы