2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары
Фото: bilim-all.kz

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы жоғары мамандықтардың тізімін жасап шығарды.  Мұндай үрдістердің бізге сәл кешігіп жететінін ескере отырып, ІТ-индустриясындағы еңбек нарығын өзгертуде бағдар алу үшін жақын жылдары көп сұранысқа ие болатын ІТ мамандықтарының рейтингін жариялаймыз.

Бұл рейтингте бағдарламашылар, web-жасаушылар, ақпараттық қауіпсіздік бойынша мамандар, мәліметтерді сараптау және өңдеу бойынша мамандар және бірнеше мамандықтар басты орыннан көрінді.

Web-жасаушы
Ең көп сұранысқа ие болатын мамандық - web-жасаушы (Web developer). Ол ІТ-индустрияға қатысты басқа мамандықтар ішінен бірінші орын алды. Еңбек ақысы сәл аздау болғанымен web- жасаушылар қазірдің өзінде ІТ-еңбек нарығында көп сұранысқа ие.

Есептеу техникасы саласының сарапшысы (Computer Systems Analyst)
Екінші орынға есептеу техникасы саласының сарапшы мамандары лайық болды. Олардың қызметіне деген сұраныс 21%-ға артады. Өйткені, миллондаған адамдар компьютерді пайдаланып, бағдарламалар жасап жатқан кезде туындаған қиындықтарды түзететін мамандар ауадай қажет болады.

Ақпараттық қауіпсіздік бойынша сарапшы (Information Security Analyst)
Әрбір компьютерде көптеген мәліметтер сақталған. Оның ішінде жеке мәліметтер де, коммерциялық мәліметтер де бар. Кез-келген ақпараттың жоғалып кетуі – компания үшін, оның басшылығы мен қызметкерлері үшін үлкен қиындық. Компания коммерциялық құпияларынан, ішкі құжатнамалары мен клиенттер базасынан айырылады. Бұл жағдай олар үшін үлкен қаржылық қиындық тудырып, беделдеріне сызат түсіреді. Сондықтан, осы ақпараттардың барлығын сақтап, оны қауіпсіз қорғай алатын мамандар күн өткен сайын керек бола береді. Болжам бойынша бұған сұраныс  18%-ға артады.

Бағдарламалық қамтамасыз етуші, бағдарламашылар (Software Engineer)
Бос орын 17%-ға артады, ал бағдарламашыларға барлық жерде, барлық компанияда, барлық қызмет саласында сұраныс жоғарлайды. Тек жоғарытехнологиялық және ІТ-компанияларда ғана емес, қызметкерлері тапсырыс берушілермен және клиенттермен жұмыс істеуде арнайы софттарды қажет ететін қарапайым компанияларда да бұл мамандыққа сұраныс азаймайды.

Мәліметтерді сараптау және өңдеу бойынша маман (Data Scientist)
Big Data-ның дамуы мен әйгілі болуына байланысты, құрылымдалмаған мәліметттердің үлкен көлемі, осылармен жұмыс істеу қабілеті еңбек нарығында өте көп сұранысқа ие болады. Бұл мамандықтар бойынша бос орындар саны арта береді. Болжанған өсу – 16%.

Жүйелік әкімші (Network and computer systems administrator)
Бұлтты есептеулердің кең тарауы компаниялардың аз компьютер сатып алуына әкеп соғады. Компьютерлік жүйелерді, байланыстарды орната алатын мамандарға деген сұраныс кемімейді, керісінше, 8%-ға артады.

дереккөз:bilim-all.kz

Т. Есқали