Ғаламторда Tesla компаниясы шығаруы мүмкін смартфонның үлгісі таралды

Ғаламторда Tesla компаниясы шығаруы мүмкін смартфонның үлгісі таралды
Фото: portaltele.com.ua

Ғаламторда канада-америкалық инженер, кәсіпкер, инвестор әрі миллиардер Илон Маск басқаратын Tesla компаниясы қолданысқа шығаруы мүмкін смартфондардың үлгісі таралды. Гаджеттен компанияның танымбелгісін (логотип) айқын байқауға болады.

Youtube желісіне жүктелген видеодан смартфонның көз тартар сыртқы дизаины, екі камерасы мен ерекше дисплейін ерекше атауға болады.  Америкалық компания өкілдері осыған дейін айтқандай, қазіргі таңда олар смартфон шығаруға аса құлықты емес. Бар күштерін электромобиль жасауға арнауда. Ал смартфонның техникалық сипаттамасы мен қашан шығатыны жайлы сөз қозғау әлі ерте секілді.  

Кей басылымдардың хабарлауы бойынша, смартфон компания үлесіндегі дүние емес көрінеді. Себебі Румынияда осындай брендпен смартфондар шығарылып келеді.

Ғаламтор қолданушыларының көпшілігіне смартфон дизаины ұнаған. Егер шығатын болса, Apple өнімдерін нарықтан ығыстыруы мүмкін деп баға беріп жатқандар да баршылық. Ал енді біреулер смартфонның қалай қуат алатынына қызығушылық танытқан. 

Ө. Сансызбай