Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Жапония қарт бақташылар мен дихандар жұмысын роботтарға істетеді

Жапония қарт бақташылар мен дихандар жұмысын роботтарға істетеді

Жапония қарт бақташылар мен дихандар жұмысын роботтарға істетеді

Жапонияда қартайып кеткен немесе зейнеткерлікке шығатын шаруаларды біртіндеп роботтармен, қашықтан басқарылатын ауылшаруашылық техникасы және автоматтандырылған кешендерге ауыстыратын мемлекеттік бағдарлама іске қосылды.

Ауылшаруашылығы саласындағы қызметкерлердің орташа жасының ұлғайуы елде азық-түлік тауарын өндіруге қауіп төндіреді. Дамыған елдерде азық-түлік өнімдерін жасайтын мамандардың орташа жасы 60-тан асып кеткен.

Жапония автономдық фермаларды қолдауға 36 миллион доллар қаржы жұмсауды жоспарлап, ол қаржы шаруашылықтарға қажетті роботтардың 20 түрін жасауға жетеді.

Жапонияда шаруа адамның орташа жасы  67 жас. Соңғы бірнеше жылда өңделетін егістік аумағы екі есеге азайып кетті. Ауылшаруашылығы кәсібі жастарды қызықтырмайды, бұл Жапонияны шет елден жеткізілетін азық-түлікке тәуелді етіп отыр.

Алдағы уақытта шаруаларға күріш алқаптарына арналған автономдық басқарылатын тракторлар беріледі әрі ағаштар басындағы жемістерді жинауға ыңғайлы арнайы экзоқаңқалар ұсынылады. 

Дереккөз: inform.kz

Дайындаған: Ербол Жұмабайұлы
Фото: industrytap.com
Қосылған күні: 26 сәуір 2016, 18:36

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.