Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Иттер әлеуметтік желіге суретін өзі жариялай алады

Иттер әлеуметтік желіге суретін өзі жариялай алады

Иттер әлеуметтік желіге суретін өзі жариялай алады

Адамдарға әлеуметтік желіде өзінің суретін жариялап, басқалардың суреттерін қараған ұнайды. Сол арқылы арамыздағы қашықтыққа қарамай таныстарымыз, достарымыз, туыстарымыздың қайда, не істеп жүргенін біліп отырамыз.

Facebook секілді әлеуметтік желіде біздің иттеріміз өз суреттерін жариялай алатын болса, қалай болады? Әлемге танымал Pedigree компаниясы иттері де иелерімен бірдей деңгейде әлеуметтік желіні қолдана алатындай ерекше жоба жасады. 

Pedigree инженерлері өнімін "The Posting Tail" деп атады. Гаджет иттерге арналған желет түрінде жасалған. Оған фотокамера, шағын компьютер, тетік, ит құйрығының қозғалысын қадағалаушы, GPS-сенсор және 3G-модем орнатылған. Иттер қатты қуанса, олар құйрығын бұлғаңдатады. Тетік бұлғаңдау жиілігін есептеп, ит сол кезде бақытты ма, жоқ па екеніне нәтиже шығарады. Егер ит бақытты болса, камера лезде суретке түсіріп, бірден әлеуметтік желіде жарияланады.

Желетте суретті әлеуметтік желіде жариялау функциясынан басқа ол иттің бақытты болған жерлерін картада белгілеп қоя алады. Соның себебінен, иттің иесі ол қай жерде бақытты немесе қай жерді аса ұнатпайтынын біліп отырады. Әзірге желет сатылымға қашан шығатыны белгісіз.

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: goodfon.ru
Қосылған күні: 14 сәуір 2016, 16:41

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.