iPhone сатылымы рекордтық деңгейге жетті

iPhone сатылымы рекордтық деңгейге жетті
Фото: tech-touch.ru

Сатылымға шығарылған үш күн ішінде Apple 13 миллион дана iPhone 6s және 6s Plus сатып үлгерген. Осылайша компания өнімді сатудан жаңа рекорд орнатты.

Айта кетейік, сарапшылар 12-15 миллион дананың сатылатынын айтқан болатын. Мұндай болжам жаңа өнімді таныстыру кезінде жасалды. Өздеріңіз білетіндей, жаңартылған телефонда 3D Touch пайда болды. Сонымен қатар, Live Photos функциясы, iSight 12 мегапиксельді камера, Retina Flash технологиясымен жасалған 5 мегапиксельді FaceTime HD-камерасы бар.

Бұған дейін Apple интернет-дүкенінде жаңа iPhone 6S және iPhone 6S Plus смартфондарының Rose Gold моделі алдын ала тапсырыс беру басталғаннан кейін бірнеше сағаттың ішінде таусылып қалғаны хабарланған болатын. Жаңа смартфондардың "қызғылт моделі" Apple техникаларын сүйетіндер үшін аса танымал болған және алдын ала тапсырыс беруде бірінші партиясын сатып алуға бірнеше сағат қажет болыпты.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Е. Жұмабайұлы