Швейцарлар хат тасушы дрон жасады

Швейцарлар хат тасушы дрон жасады
Фото: baku.ws

Швейцариялық пошташылар хаттарды жеткізу үшін дрондарды қолданбақ.  

Хатты әуемен жеткізетін дронның атауы — "One". Бұл техника 1 килограммға дейінгі жүкті көтеріп, оны бір нүктеден екінші нүктеге дәл жеткізе алады. Аппарат бір қуатталғаннан соң 10 километрге дейін ұша алады екен. Ал оның әуеде жүретін жолы алдын ала белгіленіп қояды. Бұл оның ешнәрсеге кедергі келтірмеуі үшін жасалған.
 
"One" дронын негізінен медицинада қолдану тиімді. Мысалы, зертханалық сараптамаларды жеткізу үшін оның пайдасы зор екен. Ыбырай Алтынсарин атамыз айтпақшы, "айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын" заманда "хат" алмасу оңай болмақ.


Е. Жұмабайұлы