Үндістан үкіметі Қазақстан азаматтарына туристік және медициналық визаны тегін беру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, азаматтарға 30 күнге дейін виза алуға мүмкіндік бар.
"Екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайту және турист алмасуды дамыту мақсатында Үндістан Республикасы Үкіметі Қазақстан Республикасы азаматтарына 30 күнге дейін туристік визалар, медициналық визалар және медициналық сүйемелдеу визаларын тегін беру туралы шешім қабылдады", - деп жазылған хабарламада.
Ал Үндістан азаматтары Қазақстан аумағында 14 күнге дейін визасыз жүре алады.
Визаны екі жолмен рәсімдеуге болады:
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!