Танымал опера әртісі Майра Мұхамедқызы Шымкент опера және балет театрының директоры қызметінде қанша айлық алатынын айтты. Ол бұл туралы Динара Сәтжанға берген сұхбатында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, Астанада жүргенде бірнеше есе көп табыс тапқан.
"Құпия емес, халық бәрі біледі. Астанада жүргенде, филармонияда жұмыс істеймін, Астана опера, Шабытта профессормын. Іс-шаралар, тойларым бар. Аз дегенде миллион теңге алатынмын. Келгенде айлығым 140 мың болды (Шымкент опера және балет театрына - еск.). Қазір міне, жарты жылдан бері өсті. Қазір 151 мың. Театр бойынша ең жоғары айлық менікі. Ең төмені - 50 мың теңге. Оны машинистер алады", - дейді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!