"Тауып алып, арызыммен барамын". Ырысбала Икрамбай оқырманындарына ашуланды

"Тауып алып, арызыммен барамын". Ырысбала Икрамбай оқырманындарына ашуланды
Фото: instagram.com/irisbala__ikrambai_official

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай өзіне жаман пікір жазатын оқырмандарына ашуланып, оларға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

Оқырмандарының бірі блогерге "сен де бір пайызын алып отырсың ғой" деп пікір жазған. 

"Өз қалтаңнан төлеп жатқандай неменеге міндетсініп отыр, сол ақшадан белгілі бір пайыз алып отсың ғой, қайта халыққа рақмет айтсайшы, өзіңнің де былайынан келгенде жағдайыңды істеп алдың ғой, рақмет айт халыққа", - деп жазған оқырмандарының бірі. 

Блогер бұл оқырманына хабарласып жауап берді. 

"Осындай қаншықтардың үні қашан өшеді, сенде жасасай қолыңнан келсе. Мен саған барамын, бетіме айтасың осы сөзді, тікелей эфирде кіріп барамын. Ренжеймін, жазбай тұрып, ойланыңдар. Сендер үйлеріңде отырып аласыңдар, ауыздарыңа келгенді құса саласыңдар. Ал мен не үшін бұл сөзді естуім керек? Сен кімсің маған? Мен сенің байыңды тартып алдым ба, наныңды тартып алдым ба, ата-бабаңның жауы ма едім?" - дейді блогер. 

Кейін оқырманы Ырысбала Икрамбайдан кешірім сұрады. 

"Халық-халық деп басыма көтеремін, ол халықтың ішінде бәрі бар: аузында рақметі бар дана да, жақсылықты көрмейтін қара да, жерге тыға бермеңіздер, ұят болады! Мен әркіммен өз тілімен сөйлесемін, ұятты ұмытқандармен ұятты ұмытып сөйлесемін! Талқанын шығаратын бір еркек, бір қатын дайын тұр. Менің тауып алатынымды білесіздер, алдарына арызыммен барамын, көрейік қалай сайрайтынын", - дейді Ырысбала Икрамбай. 

Еске салайық, бұған дейін Ырысбала Икрамбай мұқтаж отбасыға баспана сыйлаған еді. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Мүгедек балаларға қандай көмек көрсетіледі?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек