- Негізгі бет
- LifeStyle
- Тауық сорпасы тұмаудан...
Тауық сорпасы тұмаудан қорғай ма? Дәрігер Комаровский жауап берді
Тұмауратып қалған кезде көпшілік тауық сорпасын ішіп емделуді жөн көреді. Тұмау кезінде тауық сорпасы шынымен де көмектесе ме? Бұл сұраққа дәрігер Евгений Комаровский өзінің инстаграм парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер тауық сорпасы шынымен де пайдалы екенін айтты.
"Медицинада тауық сорпасының емдік құрал ретіндегі тиімділігіне дәлел жоқ. Алайда тауық сорпасының пайдалы екеніне ешкімнің күмәні жоқ. Әр елдің асүйінде сұйық тауық сорпасының қандай да бір өз рецептісі бар және оны жедел респираторлық ауруларды, ішек инфекцияларын емдеуге немесе мастық салдарымен күресуге қолданады. Медицина оның қалай көмектесетінін түсіндіруге тырысады. Ең алдымен сіз жылы тауық сорпасы бар кесені қолыңызға ұстағанда бұл булы ингаляцияға жақсы балама, сондай-ақ сіз электролиттері бар сұйықтық ішесіз", - дейді дәрігер.
Сондай-ақ дәрігер адамға сорпаны жақынының қамқорлықпен ұсынғаны ұнайтынын айтты. Яғни, махаббат жылытады және емдейді.
"Тауық сорпасымен емделіңіз, бұл қауіпсіз", - деді дәрігер Комаровский.
Оқи отырыңыз: Тұмау кезінде не істеуге болмайды?
А. Жапатова