Тәулігіне бар болғаны бір ас қасық майонез жеуге болады. Бұл туралы биология ғылымдарының кандидаты Николай Хоменец мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, майонездің тәулік нормасы - 20–30 грамм. Хоменец майонезді шамадан көп жесе, бұл ағзаға аса зиян өнім деп атады.
"Өнімнің басты кемшілігі - калориясының көп болуы, сондай-ақ қандағы холестерин деңгейін арттыратын май қышқылының көптігі", - деп қосты Хоменец.
Бұдан бөлек, майонезде натрий көп, бұл гипертония қаупін арттырып, жүрекке қатысты мәселелердің туындауына ықпал етуі мүмкін.
Сондай-ақ, Хоменец майонез қосылған салаттың үстелде ұзақ тұрып қалмауы керегін еске салды: оның ішінде тағамдық инфекция тудыратын бактериялар көбейуі мүмкін. "
Егер майонез сұрланып кетсе, қабат-қабат болып ажыраса, иісі қышқыл не күйік (ашыған, татып кеткен) иіс шығара бастаса, ондай тағамды лақтыру керек", - деп ескертті ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!