Көпшілік күн тәртібін сақтамайды. Жұмыс, бала, туысқандар, достар, үй шаруалары - бәріне үлгеру керек. Түн ортасында жататындар да бар. Ұйқы қанбауының зияны жайлы бәрі біледі, бірақ олар жиі оның салдарының көлемін түсіне бермейді. Бұл жайлы онколог Иван Карасаев Doctorpiter порталына айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Егер әркез ұйқыңыз қанбаса, ол мынадай салдарларға әкеледі:
Ұйқының қанбауы мен онкология байланысы
Мелатонин ұйқы гормоны қабынуға қарсы әсерге ие. Ол иммунитетті ынталандырады және ерте қартаюмен тікелей байланысты. Мелатонин қаншалықты көп бөлінсе, адам соншалықты баяу қартаяды.
"Гормон мен қатерлі ісік арасындағы байланыс туралы көптеген зерттеулер жүргізілді. Мысалы, түнде жұмыс істейтін әйелдердің мәліметтерін зерттеген: олар бүгін күндіз, ал ертең түнде жұмыс істейтін болған", - дейді дәрігер.
Түнде жұмыс істейтін әйелдерде мына қатерлі ісіктердің даму қаупі бар екені анықталды:
Зерттеу нәтижесі бойынша, мелатонин онкосупрессиялық функцияға ие. Яғни, ол ағзада дамитын "жаман" жасушаларды баса алады. Ал егер аз ұйықтасаңыз, мелатонин қажет мөлшерде бөлінбейді, сәйкесінше, қатерлі ісік қаупі де артады.
Сүт безі қатерлі ісігін бастапқы стадияда қалай анықтауға болады?