Тәуекелге бару, өз кезегінде: бұл тіркестер неге қате?

Жиі қолданылатын кейбір тіркестер орыс тілінен сөзбе-сөз аударылған. Бұл қатарда "тәуекелге бару", "өз кезегінде" секілді тіркестер бар. Massaget.kz "Қай нұсқа дұрыс?" айдары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, PhD ғылым докторы Жанат Асылханқызынан дұрыс нұсқаны сұрады.

Тәуекелге бару

"Тәуекелге бару" орыс тілінен сөзбе-сөз аударылған. "Идти на риск" деген сөздің калькасы. Қазақ тілінде "тәуекел ету" деп айтылып, жазылуы шарт", - деп түсіндірді маман.

Өз кезегінде

"Өз кезегінде" - етіміз әбден үйреніп кеткен сөздердің бірі. Орыстардың "в свою очередь" деген тіркесінің көшірмесі. Сөйлемнің басын "өз кезегінде" деп бастауға үйірміз. Шынын айтқанда, бұл қыстырманың ешқандай мән-маңызы, атқарар қызметі жоқ. Мысалы: "Өз кезегінде, ол баяндама жасады" деген сөйлемнен калька қыстырманы алып тастағаннан мағына өзгермейді. Мұны да әлдеқашан "архаизмге" жіберуіміз керек еді", - дейді Жанат Асылханқызы.

Бұған дейін қай сөздер туралы жазылды?

Іс-шара, шара: қай нұсқа дұрыс?

Бару керекпін, баруым керек: қай нұсқа дұрыс?

Биылғы жыл, биыл, ағымдағы жыл: қай нұсқа дұрыс?

Өкінішке орай, өкінішке қарай: қай нұсқа дұрыс?

Бірге ме, бөлек пе: қай нұсқа дұрыс?

Мереке ме, мейрам ба: қай нұсқа дұрыс?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз