Әнші Төреғали Төреәлі көше сыпырып, жазасын өтеп жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біздерге, мінекей, сот үкімі бойынша 40 сағат қоғамдық жұмыс тапсырған болатын. Аллаға шүкір, мінекей, осы түске дейін бағана паркте болдық. Түстен кейін осы мекенжайдамыз. Бұл - менің тәуелсіздігі бар Қазақстаным. Бұл - менің Отаным, бұл - менің елім, бұл - менің жерім. Әлбетте, Әнұраны бар, көк Туы бар елдің міндетті түрде Заңы болады. Ол заңға бәріміз бірдей бағынуымыз керек деп ойлаймын. Аман болыңыздар, міне, Ұлы дала баласы ұлы даласын сыпырып жатыр. Бұл ұят емес, өзіміздің ауламызды сыпырамыз, қоқыс төгіп келу деген сияқты, бұл жұмыстар айналып келгенде Пайғамбар сүннетіне келеді ғой негізі. Өз жатқан-тұрған жеріңді таза ұстау, ертеңгі ас құятын ыдысыңды бүгін жуып қою деген нәрсенің бәрі - тазалық иманнан емес пе? Аман болыңыздар! Ананың бәрін жинап тастадық", - деді әнші.
Әншінің оқырмандары әртіске қолдау білдіріп жатыр.
Төреғали Төреәлі "Ұлық болсаң, кішік бол дей ма халық. Тентек болма енді. Тәубеңе келгенсің бе?" деп пікір жазған оқырманына "Иә, Әлхамдулиллә! Тәубеме келдім, апай!" деп жауап берген.
Еске салайық, 22 қыркүйекте Төреғали Төреәлі 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған болатын. Танымал әртіске Қылмыстық кодекстің 378-бабы бойынша "Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлады" деген айып тағылды. Ал Төреғалиды ұстамақ болған 6 полиция қызметкері жәбірленуші деп танылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!