Тәттіні бірден тыйып тастамай, күнделікті мөлшерін біртіндеп азайтқан дұрыс. Сондай-ақ, тамақ ішетін уақытты өткізіп алмау керек. Бұл туралы нутрициолог дәрігер Светлана Бирюкова РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның сөзінше, адамдар жиі жіберетін қателіктің бірі – тамақ ішу аралығын тым ұзартып жіберу. Мұның салдарынан ашушаңдық, ішкі мазасыздық, ұйқының бұзылуы және үнемі алаңдап жүру сезімі пайда болуы мүмкін.
Дәрігер тіскебасарға жеміс немесе тәттінің орнына йогурт, не ірімшік қосылған тұтас дәнді нан жеуге кеңес берді.
Бұған дейін дұрыс тамақтану маманы Виктория Кострова қантты үнемі шамадан тыс тұтыну тек артық салмақ қосу қаупін тудырмайтынын айтқан.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz