Тәтті ұйқының қарапайым құпиясы: дәрігер күннің батуын тамашалауға кеңес берді

Тәтті ұйқының қарапайым құпиясы: дәрігер күннің батуын тамашалауға кеңес берді
Фото: depositphotos.com

Дәрігер София Родригес Мородер ұйқыны реттеудің жағымды тәсілін ұсынды. Ол бұл туралы Hola басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ұйқыға кету - өте нәзік биологиялық үдеріс. Ол үшін ағзаға екі айқын белгі қажет: дене температурасының біртіндеп төмендеуі және жарықтың біртіндеп бәсеңдеуі", - деп түсіндірді Мородер.

Дәрігер жарықтың әсеріне кеңірек тоқталды.

Дәрігердің айтуынша, ағзада мелатонин бөлінуі үшін табиғи жарық бәсеңдеуі керек. Ал кешкі уақытта теледидар көру немесе смартфон пайдалану бұл үдеріске тікелей кедергі келтіреді.

Мелатониннің бөлінуіне көмектесу үшін Мородер терезеден, балконнан немесе террасадан күннің батуын тамашалауды әдетке айналдыруға кеңес берді. Сондай-ақ, ұйқыны жақсарту үшін жатын бөлменің жарығын бәсеңдетуді ұсынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget