• 519.19
  • 490.7
  • 5.29

Тапсырыс берген тағамның дәмі ұнамай қалса төлемеуге бола ма?

Тапсырыс берген тағамның дәмі ұнамай қалса төлемеуге бола ма?
Фото: depositphotos.com

Тамақтану орындарында тапсырыс берген тағамның дәмі ұнамай қалса, сапасы көңіліңізден шықпаса, қандай жағдайда төлемеуге рұқсат? Бұл туралы Massaget.kz тілшісіне заң ғылымдарының кандидаты Сәуле Ермұхаметова түсіндіріп берді. 

Заңгер мұндай жағдайлардың жиі кездесетінін айтты. Егер азамат сатып алған өнімнің немесе тауардың сапасына риза болмаса, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңға сәйкес әрекет ету керек.

"Кафе, базарлардан зат сатып алса "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңға сәйкес, нақтырақ айтсақ, заңның 30-бабына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды; ішкиімді; шұлық бұйымдарын; жануарлар мен өсімдіктерді; метрлеп сатылатын тауарларды, атап айтқанда, барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталарды, тоқыма және перделік кенеп матаны, жасанды теріні, кілем бұйымдарын, тоқыма емес материалдарды, ленталарды, шілтерді, таспаны, сымдарды, бауларды, кәбілдерді, линолеумды, багетті, пленканы, клеенканы; ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын, азық-түліктерді, дәрі-дәрмектерді, шұлықтарды, метрлеп сататын затттарды ақшасын төлегеннен кейін ауыстыруға болмайды", - дейді маман. 

Ал тағамға келетін болсақ, маман тамақ өнімдерін тек мерзімі өтіп кеткен, стандартқа сәйкес келмеген, бұзылған жағдайда ғана ауыстыруға болатынын айтты. 

"Жоғарыда аталған тізімнен басқа қалған заттарды, егер сатып алушы тауарды пайдаланбаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті", - дейді заңгер. 

Айта кетейік, егер тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалған немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмеген жағдайда, егер тұтынушы осы сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу фактісін дәлелдесе, онда тауарды айырбастау немесе қайтару жүргізілуге тиіс.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Литпин