“Танымай қалдым“. Дина Төлепбергеннің жаңа образы халықты таңғалдырды

“Танымай қалдым“. Дина Төлепбергеннің жаңа образы халықты таңғалдырды
Фото: instagram.com/dina_tolepbergen/

Танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепбергеннің ерекше образы желі қолданушыларын таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дина Төлепберген әлеуметтік желіде ерекше образбен видео жариялады. Жаңа образдың ерекше болғаны сондай, тіпті оны желідегі оқырмандары танымай жатыр. 

"Менің ішкі жан дүниеме сәйкес келетін киімді кидім-ау ақыры… Бірақ сенің сыртқы шүберегің емес, ішкі шымырлық пен шынайылығың маңызды. Қандай сынақ келмесін - өз-өзіңді алға қарай қамшыла. Музыка: Hassak тобы. Өлең авторы: Нұрсұлтан Мейірбекұлы", - деп жазды ол желіде өзінің жаңа образбен өлең оқыған видеосын жариялап. 

Желі қолданушылары "Танымал қалдым. Даусынан танып қалдым", "Осы қыз жаңалық ашпақшы", "Ойбай, Дина, танымай қалдым ғой. Дыбыс ашқанда дауысыңнан бірақ таныдым", "Томирис киносына түсуіңіз керек еді" деген пікір қалдырып жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DINA TOLEPBERGEN (@dina_tolepbergen)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева