"Өнер қырандары" ұжымы "Харекет" қорының атынан концертте көпбалалы анаға тосынсый жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрлардан театр мүшесі Сырымбет Бибосынов алғашында қонақтан билеті жоқ болуына байланысты залдан шығуды сұрағаны көрінеді. Кейін бала ұстаған әйел залдан шығып бара жатады. Осы сәтте актер оларға пәтер сыйланатынын жеткізеді.
"Сүйінші тағы бір қуаныш. Тағы да бір отбасы, тағы да жанұя бақытқа кенелді. 1084-баспана кілті көпбалалы анаға табысталды. Сүйінші. Құттықтап қойыңыздар, жанашырлар", - делінген жазбада.
Желі қолданушылары бір отбасының қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін жазған.
"Құтты болсын", "Алла разы болсын", "Құтты болсын, берекелі шаңырақ болсын Алла бұйырса", "Құтты болсын. Билет жоқ адамдар шықсын дегенде, жүрегім ауырып кеткен еді. Олай қатты пранк жасамаңыздаршы", "Әр қазағым үйлі болсын", - дейді олар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!