Танымал рэпер сахнадан құлап, көз жұмды

Танымал рэпер сахнадан құлап, көз жұмды
Фото: instagram.com/costatitch

Сахнада құлап көз жұмған рэпер өлімінің себебі айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оңтүстік африкалық 27 жастағы рэпер Коста Титч өлімінің себебі белгілі болды. Сарапшылар өнер иесінің шамадан тыс жұмыс ісстегені оның сахнада жантүршігерлік өліміне әкелді деген қорытындыға келді. Бұл туралы рэпердің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазылды.

"Біздің топ пен отбасы оның өлімінің шынайы себебін анықтау үшін патологтармен жұмыс істеді. Сараптама нәтижесінде Костаның жүрегі ауыр күйзеліске ұшырағаны анықталды, ол оны білмейтін және бұл стресс пен шаршағандықтан күшейген. Мұның бәрі оның қиындық тудырған жүрегінің тұрақты түрде соқпауына әер етті", - делінген ресми мәлімдемеде.

Рэпердің шын есімі - Костантинос Цобаноглу. Ол 2023 жылғы наурызда Йоханнесбургтегі Ultra музыкалық фестивалінде өнер көрсетіп жатқанда сахнада құлап, көз жұмған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек