- Негізгі бет
- LifeStyle
- Танымал журналист Дина...
Танымал журналист Дина Төлепбергенге күйеуі ерекше тосынсый жасады
Фото:
instagram.com/dina_tolepbergen/
Танымал журналист Дина Төлепбергенге күйеуі күтпеген жерден тосынсый жасап, таңғалдырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Достар, барлықтарыңызға сәлем! Менің жаңадан пайда болған бір күшті әдетім бар. Ол - түскі үзіліс кезінде кинотеатрға келу. Осы аптада мен екі фильм көрмекшімін. Оның біріншісі - қазақ рэпі жөніндегі Shulamah деп аталатын отандық кино, екіншісі - NASA-ның маркетингі туралы тарихи туынды. Күйеуім маған сюрприз жасапты бүгін шынын айтқанда бүкіл залды мен үшін жалдапты. Сондықтан да бүгін осы кинотеатрда бір ғана көрермен және үлкен экран, романтика!",- деді танымал журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева