Танымал экстремал блогер 68-қабаттан құлап қаза болды

Танымал экстремал блогер 68-қабаттан құлап қаза болды

30 жастағы экстремал блогер Реми Лучиди Гонконгтағы 68-қабатты үйден құлап қаза тапты. Ол Tregunter Tower ғимаратының ең биігіне шықпақ болған, - деп жазады Gazeta.ua. 

Кешкі сағат 18:00 шамасында блогер күзетшіге 40-қабаттағы досына қонаққа келе жатқаны жайлы айтқан. Алайда оны тұрғын танымайтыны жайлы айтқаннан кейін күзетші тоқтатпақ болғанда, лифтіге мініп үлгерген. Камерадағы видеолардан белгілі болғандай, Реми Лучиди 49-қабатқа көтеріліп, ары қарай баспалдақпен биігіне шықпақ болған. Күзетшілер ғимарат шатыры ашық болғанын анықтаған, алайда адамды таппаған. 

Экстремалды соңғы рет сағат 19:38 шамасында үй қызметшісі көрген. Реми пентхаус терезесін тоқылдатқаннан кейін қызметші полиция шақырған. Полицейлер оны пентхаустан тысқарыда тұзақта қалып қойып, сол кезде елді көмекке шақырды деп болжап отыр.

Полиция қаза болу себебін ресми түрде жариялаған жоқ. Оқиға орнынан экстремалдың камерасын тапқан. Оған басқа да қауіпті трюктердің видеосы түсірілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ʀᴇᴍɪ ᴇɴɪɢᴍᴀ (@remnigma)

Реми Лучиди Instagram-дағы оқырмандарына қиын трюктер жасаған әсерлі видеоларын жиі бөлісіп отырған. 2019 жылы дәл осы Гонконгтегі көппәтерлі үйдің үстінде кетіп бара жатып, өзін түсірген. Онда шатырдың шетіне бірнеше сантиметр ғана қалғанын көруге болады.

Сондай-ақ, ол әлемдегі, соның ішінде Болгария, Колумбия, Франция, Дубай және Польшадағы биік ғимараттарға шығып, танымал болған.

Massaget.kz