- Негізгі бет
- LifeStyle
- Танымал дәрігер Назарбаевтың...
Танымал дәрігер Назарбаевтың бала-шағасы Қазақстанда неге емделмейтінін айтты
Назарбаевтың тұсында денсаулық министрі қызметін атқарған Жақсылық Досқалиев Adal Adam YouTube-арнасында экс-президенттің отбасы мүшелері медицинаға араласпағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұрынғы шенеунік тұңғыш президенттің бала-шағасы отандық емханаларда неге емделмейтініне жауап берді.
"Біздің Конституцияда айтлығандай, әркім өзінің құқығы, қаражаты болса, шетелде емделеді, қаражаты болмаса, елде емделеді. Мәжбүрлеп мында келіп, емдел деп айта алмаймын. Бірақ Президент істері басқармасының медициналық орталығы бар осында. Ол жерде депутаттар, үкімет мүшелері, солардың отбасы, бүкіл мемлекеттік қызметкер емделеді", - деді Досқалиев.
Сонымен қатар, Жақсылық Досқалиев бұрынғы Президенттің отбасы мүшелері медицина саласына араласпағанын айтты.
"Ондайды көрген жоқпын. "Осы жерде былай, осы жерде былай" дегенін көргенім жоқ. Бірақ, айта кететін нәрсе, Алматыда Қазақ-Ресей медициналық университеті бар. Соған жылжымалы диагностикалық кешенді Дариға Назарбаева өзінің қаражатына сатып алып берді", - деді бұрынғы министр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz