Блогер Қайсар Қамзаға іздеу жарияланды. Бұл ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің интернет порталында пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарияланған мәліметке сәйкес Қамза Қайсар Бақытжанұлы іздестіріліп жатыр. Туған күні - 1995 жылғы 18 қыркүйек. Іздестіру ісі 2026 жылғы 10 қаңтарда Астанада тіркелген.
Іздестіруге бастама болған - Қаржылық мониторинг агенттігі. Бұл істі Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізеді.
Әзірге құқық қорғау органдары блогерге неліктен іздеу салынғанын нақтыламады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!